Аймақтар • 11 Қазан, 2022

Түркістан облысында суға батып кеткен шетелдік студенттің денесі табылды

154 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құтқарушылар суға батып кеткен екінші Үнді азаматының денесін іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркістан облысында суға батып кеткен шетелдік студенттің денесі табылды

«Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары суға батқан екі студенттің бірінің денесін тапты. Екінші жас жігітті іздеуге отрядтың 5 құтқарушысы, бір жүзу құралы, Түркістан облысы ТЖД 7 құтқарушысы жұмылдырылды», деп хабарлады облыстың төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Еске сала кетсек, 26 маусымда сағат 20:10-да Түркістан облысы ТЖД кезекші-диспетчерлік қызметінің пультіне 2001 жылы туған 2 студент Төлеби ауданы Ханарық ауылынан 5 шақырым жерде, Ақсу өзенінде белгісіз жағдайларда суға батып кеткені туралы ақпарат келіп түсті. 21 студенттен тұратын топ Шымкенттен келген. Олардың барлығы Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында оқитын Үндістан азаматтары.