Президент • 05 Қазан, 2022

Президент: Павлодар облысы – еліміздің ең көрікті мекендерінің бірі

177 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Мемлекет басшысы Павлодар облысының жұртшылығымен кездесуінде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент: Павлодар облысы – еліміздің ең көрікті мекендерінің бірі

«Павлодар – Қазақстанның дамуында үлесі мол, маңызы жоғары аймақ. Өздеріңіз білесіздер, өткен аптадан бері өңірлерге сапарым басталды. Аймақтардағы халықпен кездесіп, ел дамуына қатысты бастамаларым туралы айттым. Алдымен Түркістан мен Шымкентке, содан кейін Семейге бардым. Біз алдағы қысқа дайындық барысымен танысып, шұғыл мәселелерді қарадық. Облыстар үшін стратегиялық маңызы бар міндеттерді айқындадық. Бір сөзбен айтқанда, бұл өте мағыналы сапарлар болып жатыр», деді Президент.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы халықтың қолдауы – реформаларды табысты жүзеге асырудың ең басты кепілі екенін атап өтті.

«Мен тың өзгерістерге тілектес болып жатқан азаматтардың бәріне тағы да алғыс айтқым келеді. Біз бір ел болып жұмыла білсек, көздеген мақсатқа жетеміз. Бүгін, міне, өздеріңізбен жүздесу үшін Ертіс бойына ат басын бұрдым. Бұл өңірге менің ықыласым ерекше екенін білесіздер. Павлодар облысы – еліміздің ең көрікті мекендерінің бірі», деді Қ.Тоқаев.