Спорт • 04 Қазан, 2022

Футзалдан Қазақстан құрамасы Словениямен кездеседі

220 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Рикардо Кака 2024 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирінде Словениямен өтетін кездесуге шақырылған ойыншылардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Футзалдан Қазақстан құрамасы Словениямен кездеседі

Тізімге 16 ойыншы енді. Жарақатына байланысты ұлттық құраманың көшбасшылары Біржан Оразов пен Эдсон шақырту алмады. 

Назарларыңызға футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасына шақырту алған ойыншылар тізімін ұсынамыз:

Қақпашылар: Игита («Қайрат»), Нұрәлем Байдулла («Рахмет»), Андрей Голубничий («Ақтөбе»);

Алаңдағы ойыншылар: Дуглас, Дәурен Нұрғожин, Шыңғыс Есенаманов, Дәурен Тұрсағұлов, Альберт Ақбалықов (барлығы – «Қайрат»), Лео («Жоинвиль», Бразилия), Тайнан («Эль-Посо», Испания), Азат Валиуллин («Аят»), Арнольд Кнауб, Райымбек Жұма, (екеуі де – «Каспий»), Евгений Кошкин, Ақжол Дәрібай (екеуі де – «Астана»), Серік Мәжитов («Байтерек»).

Айта кетейік, футзалдан Қазақстан құрамасы 8 қазан күні 2024 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінің алғашқы ойынын Словениямен өткізеді. Матч Астана қаласында Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында болады.