Президент • 30 Қыркүйек, 2022

Президент шетелдік ғылыми ұйымдардың басшыларымен кездесті

226 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Chioda Technol Corp (Жапония) компаниясының президенті Атару Иноуимен, Лауэ-Ланжевен институтының (Франция) жетекші ғылыми қызметкері Валерий Несвижевскиймен және Біріккен ядролық зерттеулер институтының (Ресей) директоры Григорий Трубниковпен кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент шетелдік ғылыми ұйымдардың басшыларымен кездесті

Кездесуде Қазақстанның ядролық ғылым саласын дамыту перспективалары талқыланды. Шетелдік ғылыми ұйымдардың басшылары қазақстан тарабымен тығыз ынтымақтастық орнатуға қызығушылық танытты.

Президент еліміздің атом энергиясын тек қана бейбіт мақсатта пайдалануды жақтайтынын айтты. Оның айтуынша, Қазақстан табиғи уран өндіруден әлемде бірінші орында тұр және ядролық отын түрлерін өзі өндіреді. Елімізде ядролық саланы ғылыми-техникалық тұрғыда қолдай алатын ғылыми мекемелер мен инфрақұрылым бар.

Әңгімелесу барысында олар Қазақстанда атом энергетикасын дамыту, заманауи ядролық технологияларды пайдалану, отандық білікті кадрларды даярлау мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Соңғы жаңалықтар

Әсем киім жарасар...

Мәдениет • Бүгін, 08:30

Дәрігерге дән ризамын

Қоғам • Бүгін, 08:25

Олжасы мол ұлттық спорт

Ұлттық спорт • Бүгін, 08:20

Жүрек қылын тербеген әуен

Өнер • Бүгін, 08:15

«ӨзенЖылу»: Ауқымды істер арнасы

Экономика • Бүгін, 08:10

Татулық пен мейірім мерекесі

Мереке • Бүгін, 08:05

ҚазҰУ-да іске қосылған төрт ірі жоба

Университет • Бүгін, 07:45

Айт қабыл болсын!

Мереке • Бүгін, 07:00