Аймақтар • 29 Қыркүйек, 2022

Алматыда есірткі дайындаумен айналысқан ерлі-зайыпты ұсталды

138 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда есірткі дайындаумен айналысқан ерлі-зайыпты ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда есірткі дайындаумен айналысқан ерлі-зайыпты ұсталды

Алматы облысы Іле ауданындағы үйлердің бірінде қылмыстық іс қозғалды.

«Ерлі-зайыптыдан 2 келіден астам ұнтақ зат, 7 литр сұйықтық құйылған ыдыс, канистрлерде 40 литрге жуық химиялық заттар, сондай-ақ жалға алған үйлерінен 7 келіге жуық есірткі заты, және мефедронды өндіруге пайдаланған құрал-жабдықтар мен өсімдік бұталары табылды. Ұсталғандардың айтуынша, «жұмыс беруші» синтетикалық есірткінің әр 1 келісіне 1 миллион теңге көлемінде сыйақы беруге уәде еткен», деді Алматы қалалық ІІД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.

Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Айғақты заттар тәркіленіп, сот-химиялық сараптамаға жіберілді.