Оқиға • 29 Қыркүйек, 2022

Талдықорғанда екі жасар баланы көлік қағып кетті

190 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қайғылы оқиға 28 қыркүйек күні Талдықорған қаласында Сеңгірбаев көшесінде болған. Бала көлік астына түсіп, оқиға орнында мерт болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Талдықорғанда екі жасар баланы көлік қағып кетті

Анықталғандай бала өз үйінің жанында ойнап жүрген. «Toyota Cresta» көлігін басқарған 38 жастағы ер адам баланы басып кеткен. Бала оқиға орнында қаза тапты.

Қажетті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

«Облыс полицейлері қайтыс болған баланың туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады», деп қосты облыстық ПД баспасөз қызметі. 

Соңғы жаңалықтар

Өнердің емдік қуаты

Өнер • 29 Қараша, 2025

Ақын мен Алматы

Тұлға • 29 Қараша, 2025

Қауіпсіздік шифраторы

Ғалам ғажаптары • 29 Қараша, 2025

Ананы ардақтау – борышымыз

Жәдігер • 29 Қараша, 2025

Жылу желілері жаңартылады

Аймақтар • 29 Қараша, 2025