Аймақтар • 25 Қыркүйек, 2022

Бурабайдағы таудың биіктігінде өрт тұтанды

453 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақмола облысында өрт сөндірушілер Көкшетау тауының биігінде тұтанған өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды Egemen.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бурабайдағы таудың биіктігінде өрт тұтанды

«25 қыркүйек сағат 11:13-те Бурабай МҰТП аумағындағы «Көкшетау» тауындағы өрт ауыздықталды. Өрттің алдын ала аумағы 0,03 га (300 ш.м.). Өртті сөндіруге Ақмола облысы ТЖД жеке құрамының 200-ден астам адамы және «Бурабай» МҰТП-ның 70 қызметкері жұмылдырылды», деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағы жұмылдырылған. 12 рет көкке көтерілген тікұшақ 36 тонна көлемінде су шашқан.

Өрттің таралу қаупі және зардап шеккендер жоқ.

 

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45