Қаржы • 16 Қыркүйек, 2022

Brent мұнайының бағасы 91 доллардан асты

147 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жұма күні халықаралық нарықтарды Brent маркалы мұнай барреліне 91,36 доллар деңгейінде саудаланды, деп хабарлайды Egemen.kz Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Brent мұнайының бағасы 91 доллардан асты

Бейсенбі күнгі соңғы сауда-саттықта аталған маркалы мұнай баррелінің құны 94,63 долларға жетіп, 90,84 доллар деңгейінде аяқтады.

16 қыркүйекте таңғы 09:29-дағы жағдай бойынша мұнайдың эталондық маркасының бағасы 0,57 пайызға - барреліне 91,36 долларға дейін өсті.

WTI маркалы мұнай фьючерстерінің құны барреліне 85,51 долларды құрады.