Спорт • 15 Қыркүйек, 2022

Турнирді сәтті бастады

100 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Словенияның Портороже қаласында жүлде қоры 203 024 еуроны құрайтын халық­аралық турнир басталды. Бұл жа­рыста Елена Рыбакина да бақ сынауда.

Турнирді сәтті бастады

Қазақстанның бірінші ракеткасы тұсау­кесер кездесуінде Лаура Зигемундпен шеберлік байқасты. 34 жастағы Германияның өкілі қазіргі кезде әлемдік рейтингте 173-орынды қанағат тұтуда. Кезінде ол Ролан Гаррос­тың ширек финалында ойнап, ТОП-30 теннис­шінің қатарына енген еді. 3 сағат 25 минутқа созылған бұл тартыста Рыба­кина 6:7, 6:4, 7:6 есебімен жеңіске жетті. Екінші кезеңде жерлесіміз Тереза Мартин­цовамен кездеседі. 27 жастағы чехиялық ойыншы WTA тізімінде 66-орынды иеленген.

Словениядағы турнирде Елена Рыба­кинадан бөлек, ұлыбританиялық Эмму Радукану, чехиялық Катержина Синякова, украиналық Леся Цуренко, аустралиялық Айла Томлянович және бразилиялық Беатрис Хаддад-Майя сынды танымал теннис­шілер өнер көрсетуде.

Соңғы жаңалықтар

Тәуелсіздік қаласы

Ғалам ғажаптары • Кеше

Жойқын қаруды жойған шешім

Ғалам ғажаптары • Кеше

Бәсі жоғары дода

Спорт • Кеше

Зияткерлік байқау

Байқау • Кеше

Жаңа буынның көзқарасы мен танымы

Республика күні • Кеше

Өткен күнде белгі бар

Республика күні • Кеше