Әлем • 08 Қыркүйек, 2022

АҚШ Украинаға қосымша әскери көмек көрсетеді

152 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ Украинаға 675 миллион доллар көлемінде қосымша әскери көмек жібереді, деп хабарлайды Egemen.kz Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

АҚШ Украинаға қосымша әскери көмек көрсетеді

Бұл туралы Пентагон басшысы Ллойд Остин бейсенбі күні Германиядағы американдық Рамштайн әскери әуе базасында Украинаны қолдау жөніндегі байланыс тобының кездесуін ашқан кезде хабарлады.

АҚШ Қорғаныс министрлігі басшысының айтуынша, тиісті шешімді президент Джо Байден бір күн бұрын мақұлдаған.

Бұған дейін The Washington Post анонимді шенеунікке сілтеме жасай отырып, мұндай шешімді бекіту жоспарлары туралы жазған болатын.

Басылым ақпаратына сәйкес, АҚШ Украинаға HIMARS зымыран жүйелеріне, көлік құралдарына және басқа жабдықтарға оқ-дәрілерді жеткізеді.

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35