Оқиға • 08 Қыркүйек, 2022

Ресейде мектеп оқушысы суицид жасады

270 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Чита қаласындағы мектептердің бірінде білім алатын бесінші сынып оқушысы өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды Egemen.kz ресейлік БАҚ-қа сілтеме жасап.

Ресейде мектеп оқушысы суицид жасады

Жергілікті БАҚ мәліметінше, бала өз үйінде өз-өзіне қол жұмсаған. Забайкалье өлкесінің денсаулық сақтау министрлігі бесінші сынып оқушысының өлімін растады. Оқиға жайлы дерек 5 қыркүйекте тіркелген. 

Қайтыс болған бала оқыған мектеп директоры да оқиғаны растады. 

«Оқиға үйінде болған. Басқа артық ештеңе айта алмаймын», деді мектеп директоры. 

Ата кетейік, бұған дейін Екатеринбургте 17 жастағы мектеп оқушысы әкесімен жанжалдасып, өз-өзіне қол жұмсаған еді. Ол жасөспірім мектепте жақсы оқыған.