Қаржы • 08 Қыркүйек, 2022

Brent мұнайының бағасы төмендеді

199 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлемдік биржаларда Brent маркалы мұнайдың құны барреліне 88,27 долларды құрады, бұл алдыңғы сессияда белгіленген бағадан 0,3%-ға жоғары, деп хабарлайды Egemen.kz Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Brent мұнайының бағасы төмендеді

Бір күн бұрын Brent мұнайы барреліне 93,80 долларға дейін көтеріліп, сессияны 88 доллар деңгейінде аяқтады.

West Texas Intermediate мұнайы барреліне 82,27 доллар бағасымен саудаланады.

Brent маркалы мұнай бағасы ақпан айының басынан бері алғаш рет барреліне 90 доллардан төмендеді. ЕО мен Ресей арасындағы өзара санкциялар мен қарама-қайшылықтар нарықтардағы ұсынысқа қатысты алаңдаушылықты күшейтіп отыр.