Президент • 08 Қыркүйек, 2022

Мемлекет басшысы әкімдердің есебін тыңдады

4646 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласы, Шығыс Қазақстан, Ақмола және Қарағанды облыстары әкімдерінің өңірлердегі өрт сөндіру жұмыстары туралы шұғыл баяндамаларын тыңдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы әкімдердің есебін тыңдады

Әкімдер өрт ошақтарын сөндіру үшін қарқынды жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы, сондай-ақ табиғи апатқа қарсы таяуда атқарылатын іс-әрекет жоспарлары туралы хабарлады. Бұл іс-шараларға Ұлттық ұлан мен Қарулы Күштердің бөлімшелері жұмылдырылды.

Сонымен қатар Мемлекет басшысына өрт салдарынан болған залалды қалпына келтіру және зардап шеккендерге қажетті көмек көрсету шаралары жөнінде ақпарат берілді.

Әкімдер өз аймақтарының әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы есеп берді.

Премьер-Министрге Төтенше жағдайлар министрлігінің өңірлік бөлімшелерін арнаулы техникамен және басқа да қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету тапсырылды.

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35