Спорт • 06 Қыркүйек, 2022

Бір алтын, қос қоламен оралды

262 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әзербайжанның астанасы – Бакуде каратэден төртінші Премьер-лига додасы аяқталды. Бұл жарысқа әлемнің 58 мемлекетінен келген 350-ге тарта спортшы қатысты.

Бір алтын, қос қоламен оралды

Каспий теңізінің арғы жағалауынан Қазақстанның ұлттық құрамасы олжалы оралды. Кіл мықтылардың басын қосқан байрақты бәсекеде 75 кило салмақта күш сынасқан әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері, Азия чемпионы Нұрқанат Әжіқановқа тең келер ешкім табылмады. Қарсы келгендерді қоғадай жапырған қазақ каратэшісі бас жүлдені қанжығасына байлады. 60 кило салмақтағы Қайсар Алпысбайдың да аяқалысы жаман емес еді. Бастапқы бәсе­келерінің барлығын жеңіспен аяқтаған сақа спортшымыз жартылай финалда есе жіберіп, қола медальды қанағат тұтты. 67 кило салмақта сайысқа түскен Дидар Әмірәлі де дәл сол межеден көрінді. Нәтижесінде, жерлестеріміз Бакудегі бәсекені 1 алтын және 2 қоламен қорытындылады.

Соңғы жаңалықтар

Тәуелсіздік қаласы

Ғалам ғажаптары • Кеше

Жойқын қаруды жойған шешім

Ғалам ғажаптары • Кеше

Бәсі жоғары дода

Спорт • Кеше

Зияткерлік байқау

Байқау • Кеше

Жаңа буынның көзқарасы мен танымы

Республика күні • Кеше

Өткен күнде белгі бар

Республика күні • Кеше