Әлем • 02 Қыркүйек, 2022

Пәкістанда 1208 адам су тасқынынан қаза тапты

383 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Пәкістанда су тасқынынан қаза тапқандар саны 1,2 мыңнан асты, деп хабарлайды Egemen.kz Associated Press агенттігіне сілтеме жасап.

Пәкістанда 1208 адам су тасқынынан қаза тапты

Портал мәліметінше, Пәкістанда маусым айының ортасынан бері жалғасып келе жатқан су тасқынынан кемінде 1208 адам қаза тауып, 6082 адам зардап шеккен.

Бұл туралы бейсенбі күні кешке жарияланған Төтенше жағдайларды басқару ұлттық басқармасының (NDMA) баяндамасында айтылған.

Пәкістанның денсаулық сақтау қызметі ең көп зардап шеккен аймақтарда тері және ішек инфекциялары тарай бастағанын ескертеді.

Пәкістандағы табиғи апат 33 миллион адамға зардабын тигізіп, 1 миллионға жуық үйді қиратқан.

Бұған дейін Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шариф елде соңғы онжылдықта алғаш рет толассыз нөсер жауын салдарынан болған алапат су тасқыны болып жатқанын айтқан еді. Оның айтуынша, жаңбырдан келген мұндай орасан шығын соңғы 30 жылда болып көрмеген.

Соңғы жаңалықтар

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Кеше

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Кеше

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Кеше

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Кеше

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Кеше

Заманауи киіз үй

Өнер • Кеше

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • 25 Шілде, 2025