Спорт • 02 Қыркүйек, 2022

Айдостың аяқалысы жақсы

230 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBA) өзінің жаңартылған рейтингін жария етті. Жерлестеріміздің арасында ең үздік көрсеткіш Геннадий Головкинге тиесілі.

Айдостың аяқалысы жақсы

40 жастағы GGG орта салмақ дәрежесінде дара тұр. Қазақстандық боксшының суперчемпион деген атағы бар. 30 жастағы Айдос Ербосынұлының да қар­қыны қуантарлық. Екінші орта салмақта (76,2 кило) бірінші орынды иеленіп отырған ол осыған дейін 16 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жетті. 11 жекпе-жекті нокаутпен аяқтады. Алдағы уақытта Айдостың алтын белбеу үшін таласатыны анық. Әзірге бұл салмақтың суперчемпионы атағы Мексиканың мақтанышы Сауль «Канело» Альвареске тиесілі. Тұрақты әлем чемпионы атағын кубалық Дэвид «Қабылан» Моррель еншілеуде.

Сондай-ақ ТОП-10 боксшының қатарына мына жігіттеріміз еніп отыр: Қамшыбек Қоңқабаев (бірінші ауыр салмақ) – 4, Евгений Павлов (екінші аса жеңіл салмақ) – 6-орын. Жәнібек Әлімханұлы (орта салмақ) – 8, Жан Кособуцкий (аса ауыр салмақ) – 9 және Сұлтан Зәуірбек (екінші жеңіл салмақ) – 10-орындар.

Соңғы жаңалықтар

Егін жинау науқаны аяқталуға жақын

Шаруашылық • 25 Қазан, 2025

Географиясы Гиннеспен өлшенген

Қазақстан • 25 Қазан, 2025

Тәуелсіздік қаласы

Ғалам ғажаптары • 25 Қазан, 2025

Жойқын қаруды жойған шешім

Ғалам ғажаптары • 25 Қазан, 2025

Креативті кітапхана ашылды

Кітапхана • 25 Қазан, 2025

Ірімшіктен балмұздақ жасады

Қоғам • 25 Қазан, 2025

Бәсі жоғары дода

Спорт • 25 Қазан, 2025

Мүмкіндігі мол мегаполис

Алматы • 25 Қазан, 2025

Зияткерлік байқау

Байқау • 25 Қазан, 2025

«Оян, қазақ!» авторына құрмет

Білім • 25 Қазан, 2025

Жаңа буынның көзқарасы мен танымы

Республика күні • 25 Қазан, 2025

Өткен күнде белгі бар

Республика күні • 25 Қазан, 2025