Қоғам • 27 Тамыз, 2022

Отбасының электрондық картасы жасалады

722 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елімізде әрбір отбасының құрамы мен әл-ауқат деңгейіне қарай мемле­кеттік кепілдік түрлерін алу құқығын қамтитын цифрлық карта жасалмақ. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

Отбасының электрондық картасы жасалады

Отбасының цифрлық картасы – мемле­кеттік кепілдіктер бойынша дербестен­дірілген отбасының базасы. Отбасының цифрлық картасын енгізу мемлекет таға­йын­даған жәрдемақыларды проактивті форматта, яғни төлем алушының өтінішін күтпей беруді көздейді.

Мәселен, бір жасқа толмаған баласы бар отбасы бала тууы бойынша берілетін жәрдемақы алуға құқылы. Кәмелет жасқа толмаған төрт және одан да көп баласы бар отбасы бала 18-ге толғанша ай сайын жәрдемақы алады. Мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасы мүгедектік бойынша берілетін жәрдемақы ала алады. Осындай мысалдар өте көп.

«Отбасының цифрлық картасының жұмыс алгоритмі келесі тәсілмен жүзеге асырылады – мемлекеттік кепілдік алуға құқығы бар отбасына Еңбек министрлігінен SMS-хабарлама жолданады. Онда азаматтың мемлекеттік кепілдік алуы мүмкін екені жазылған. Бұдан бөлек, SMS-хабарламада азаматқа мем­лекеттік кепілдікті проактивті форматта тағайындауға келісу немесе келіс­­пеу құқығы беріледі. Егер азамат келіс­кен жағдайда, онда оған жәрдемақы тағайындалады. Ол кейін төлем алу­шы­ның шотына түседі», делінген ми­нистр-­
лік хабарламасында.

Осы мәселе бойынша өткен жиналыс барысында орталық мемлекеттік орган­дардың, жергілікті атқарушы орган­дардың және «Азаматтарға арналған үкі­мет» КеАҚ Отбасының цифрлық картасын іске қосуға дайындығы тыңдал­ды. Жиналыс қорытындысы бойынша 1 қыр­күйектен бастап Отбасының цифр­лық картасын жекелеген мемлекет­тік кепілдік түрлері бойынша қанатқақты жоба түрінде жүзеге асыру туралы шешім қабылданды.

Соңғы жаңалықтар

Қайтқан активте қайыр бар  

Заң • 21 Маусым, 2025

Полицейді неге бөтенсиміз?

Пікір • 21 Маусым, 2025

Ауылдың «ауруын» жасырмайық

Пікір • 21 Маусым, 2025

Жедел жәрдем жұмысындағы жаңалық

Медицина • 21 Маусым, 2025

Емхана – ел игілігіне

Аймақтар • 21 Маусым, 2025

Жол жаңарту жалғасады

Аймақтар • 21 Маусым, 2025

100 жүк вагоны шығарылды

Өндіріс • 21 Маусым, 2025