
Сапар барысында екі ел басшысы екіжақты ынтымақтастықты нығайту туралы декларацияға қол қойды. Қазақстан басшысы Әзербайжанмен өзара сауда-экономикалық байланыстарды жандандыру арқылы қарым-қатынасты жаңа деңгейге шығаруға ниетті екенін атап өтті. Сондай-ақ сапар барысында Түркі әлемінің мәдени астанасының бірі Түркістан мен екі жыл бұрын армяндардан қайтарылып алынған Шуша қаласы арасында бауырлас қарым-қатынастарды орнату туралы хаттамаға қол қойды.