Аймақтар • 25 Тамыз, 2022

Қуаныш сыйлау да бақыт!

660 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жылдағыдай жергілікті мешіттер «Мектепке жол» акциясына үн қосып, мектеп жасындағы балаларға қуаныш сыйлауда. Мәшһүр Жүсіп атындағы орталық мешітте қайырымдылық шарасы ұйымдастырылып, 200 оқушы мектеп құралдарымен қамтамасыз етілді.

Қуаныш сыйлау да бақыт!

Сауабы мол шараны ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша өкілдігі және «Зекет» қайырым­дылық қоры кәсіпкер азаматтардың ұйыт­қы болуымен қолға алған екен.  Қайырымдылық акциясына жер-жерден қалталы азаматтар үн қосты. Мәшһүр Жүсіп атындағы ор­талық мешітте өткен арнайы ша­раға облыстың бас имамы Жол­дас Бертымұратов бастаған дін қыз­­меткерлері және «Қамқор – Ша­р­а­пат» бөлімінің қызметшілері қатысты.

– Балаларға қуаныш сыйлау да бақыт! Алланың қалауымен биыл да мектепке баратын балаларды қолдап, кәсіпкерлеріміз, мүдделі азаматтар өз көмектерін көрсетуде. Жақсылықта жарысқан мұсылман жамағатының қайырымдылық үлгісі өзге де ағайынға өнеге болса екен дейміз. Ізгілікті іс алдағы айларда да жал­ғасады, – деп атап өтті облыстың бас имамы Жолдас Қоспақұлы.

Жалпы, қайырымдылық акциясы аясында бұл күні жағдайы төмен, көпбалалы отбасында тұратын 100 ұл мен 100 қызға сөмке, дәптер, қа­лам, сызғыш, циркуль, сурет дәп­тер, қалам ұштағыш, желім, т.б. құ­рал­дар үлестірілді.

Айтып өтейік, акция бүгінде барлық аудан-қалалардың мешіт­терінде жалғасуда. Аққулы ауда­нын­да – 30, Ақсу қаласы бойынша – 31, Ертіс ауданында – 53, Баян­ауылда – 33 бала,  Шарбақтыда – 23, Железинде – 10,  Ақтоғайда – 33, Майда – 22,  Екібастұз қаласы бо­йынша 150 балаға имандылық орда­­ларының мұрындық болуымен көмек көрсетілген. Сондай-ақ «Ар Рах­ман», «Бижан», «Ақмешіт», «Абу Бәкір Сыддық», «Омар Фаруқ» ме­шітері де белсене атсалысуда.

 

Павлодар облысы

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03