Аймақтар • 22 Тамыз, 2022

Павлодарлық зейнеткердің үйінен есірткінің ірі партиясы тәркіленді

158 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодарлық полицейлер арнайы операция өткізді, оның барысында 67 жастағы жергілікті тұрғыннан есірткінің ірі партиясы (33 кг астам марихуана және 3,3 кг гашиш) тәркіленді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодарлық зейнеткердің үйінен есірткінің ірі партиясы тәркіленді

ҚР ІІМ ақпараттық порталының сайтында хабарланғандай, Павлодар полиция басқармасының есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметкерлері есірткіні өткізу және сақтау бойынша күдікке ілінген 67 жастағы қала тұрғынын ұстады.

Ұсталған адамның тұрғылықты жері бойынша 33 келіден астам марихуана және 3,3 келіден астам гашиш есірткі заттары тәркіленді. Қазір Қазақстан Республикасы ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.