Қоғам • 20 Тамыз, 2022

Қаңтар оқиғасына қатысы бар 17 адам сотталды

183 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Айыпталушылар бірнеше бап бойынша жазаға тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қаңтар оқиғасына қатысы бар 17 адам сотталды

«Сот қаңтардың 5-інен 6-сына қараған түні Тараз қаласында Ә., Б., Б., А., Қ. С., Б., Ш., есімді азаматтардың жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқандығын анықтады. Олар зорлық-зомбылық көрсетіп, қиратып, мүлікті бүлдірген. Ш., Ш., А., П., С., М., Е., Ш. жаппай тәртіпсіздікті пайдаланып, бір топ адаммен алдын ала сөз байласып, қызметтік үй-жайға заңсыз кіріп, бөгденің мүлкін ұрлаған. А. қызметтік үй-жайға заңсыз кіріп, ұрлық жасауға оқталды», делінген Тараз қаласының №2 сотының шешімінде.