Президент • 20 Тамыз, 2022

Мемлекет басшысы Сочидегі келіссөздің қорытындысына көңілі толатынын жеткізді

259 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Мемлекет басшысының кешегі Сочиге жұмыс сапары жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемлекет басшысы Сочидегі келіссөздің қорытындысына көңілі толатынын жеткізді

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сочиде ұзаққа созылған жеке кездесудегі келіссөздің қорытындысына көңілі толатынын жеткізді. Мемлекет басшысының пікірінше, келіссөз өзара сенім әрі іскерлікпен ерекшеленген айырықша достық атмосферада өтті. Президент сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық ынтымақтастыққа, екі елдің халықаралық аренадағы өзара іс-әрекетіне қатысты барлық мәселелер жан-жақты талқыланғанын атап өтті. Мемлекет басшылары өз деңгейіндегі уағдаластықтарды екі ел үкіметтерінің тұрақты түрде жүзеге асыруы маңызды деп түсінеді», деп жазды Руслан Желдібай Facebook парақшасында.

Оның айтуынша, Президенттер тұрақты жұмыс байланысын одан әрі жалғастыруға келіскен.

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинге құрметі мен қонақжайлығы үшін шынайы ризашылығын білдірді.

Соңғы жаңалықтар