Оқиға • 19 Тамыз, 2022

Семейде есірткі сатқан студенттер ұсталды

195 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Абай облысының полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері психотроптық заттарды заңсыз сатты деген күдікпен жергілікті колледждердің 18 жастағы үш студентін ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Семейде есірткі сатқан студенттер ұсталды

Күдіктілер Telegram арналар және интернет сайттар арқылы психотроптық заттарға тапсырыс алып Семей қаласының аумағында таратып келген.

«Тінту шараларын жүргізу кезінде «сатушылардан» полиэтиленге оралған 34 дана есірткі түйіншектері тәркіленді. Салмағы 13 грамм болатын ақ ұнтақ Альфа-PVP синтетикалық есірткісі болып шықты», делінген ІІМ баспасөз қызметінің хабарламасында.

Полицейлердің мәлімдеуінше, аса ірі көлемде есірткі өткізу фактісі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

«Айыпталушылар Семей қаласы Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Күдіктілер 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы ықтимал», деді баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар

Жарыс күнделігі

Спорт • Кеше

Акция аясындағы ауқымды жұмыс

«Таза Қазақстан» • Кеше

Онлайн сайлау жүйесі

Ғалам ғажаптары • Кеше

Қан алатын робот

Ғалам ғажаптары • Кеше

Апаттан аман қалған балалар

Ғалам ғажаптары • Кеше

«Сарығыз» тазы көрмеге барады

Мәдениет • 01 Тамыз, 2025

Даңғыл көпір

Мереке • 01 Тамыз, 2025

Абай тойы басталды

Абай • 01 Тамыз, 2025