Оқиға • 12 Тамыз, 2022

Елордадағы айналма жолдан атыс қарулары табылды

246 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтанда 8 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz  polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Елордадағы айналма жолдан атыс қарулары табылды

11 тамыз күні сағат 17:10-да елордалық Криминалдық полиция басқармасының ҰҚКД және МКҚ қызметкерлері Алматы – Екатеринбург тас жолы бойындағы орман арасынан, айналма жолдан 900 метр қашықтықта шөптердің арасына қару жасырылған орынды тапты. Табылған құпия орынды тексеру кезінде қолдан атуға арнап жасалған, оқсыз атылатын Калашников автоматы және қолдан атуға арнап жасалған 9 мм калибрлі 7 патроны бар «МР-371» сигналды тапаншасы табылды. Екі қару да атуға жарамды.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Кеше

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Кеше

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Кеше

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Кеше

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Кеше

Заманауи киіз үй

Өнер • Кеше

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • 25 Шілде, 2025