Медицина • 10 Тамыз, 2022

Қазақстанда «Ланъя» вирусы тіркелген жоқ

832 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жан-жануарлар арқылы таралатын «Ланъя» жаңа генипавирусы Қазақстанда тіркелмеді, деп хабарлайды Egemen.kz ВАК-қа сілтеме жасап.

Қазақстанда «Ланъя» вирусы тіркелген жоқ

ВАК мәліметіне сәйкес, «Ланъя» вирусы алғаш рет осыдан төрт жыл бұрын геномдық зерттеу нәтижесінде анықталған. Кейін екі жыл ішінде Қытайдың қос провинциясында тағы 35 адамның осы вирусты жұқтырғаны белгілі болды. Науқастарда дене қызуы, шаршағыштық, жөтел, миалгия, жүрек айну, бас ауруы, тәбеттің болмауы сынды белгілер байқалды.

Бұл – зоонозды инфекция, яғни адам вирусты ауру жануарлардан жұқтырады.

Вирусқа антиденелер үй жануарларында – ешкілер мен иттерде анықталды. Жабайы табиғатта вирус шіркейлерде кездеседі.

Қазақстанда «Ланъя» вирусын жұқтыру жағдайлары жоқ.