Аймақтар • 09 Тамыз, 2022

Өскеменде жаңа шағынауданның құрылысы басталды

608 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өскемен қаласында жаңа шағынаудан салынады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өскеменде жаңа шағынауданның құрылысы басталды

Қала әкімдігі хабарлағандай, жаңа шағынаудан Шешек асуында бой көтереді. Онда тұрғын үйлерден бөлек, балабақша, спорт алаңы мен сквер салу жоспарлануда.

«Жер үй салғысы келетіндер саны күн санап артып келеді. Сондықтан бірнеше ауданда инженерлік инфрақұрылымды салу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Жақын арада коммуникациялар тартылған аумақтарда жер телімдерін беру басталады. Шешек асуындағы жаңа ықшамаудан 1099 тұрғын үйге есептелген. Онда сумен жабдықтау жүйесі қазірдің өзінде дайын. Ал электр желілерінің құрылысы соңғы сатыда», дейді Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар.

Оның айтуынша, экологиялық таза аймақта орналасқан аудан құрылыс салушылар үшін де, ірі инвесторлар үшін де тартымды. Бүгінде инвестор компаниялардың бірі 80 үй салуды көздеп отыр.