Оқиға • 08 Тамыз, 2022

Жамбыл облысында есірткі таратушылар ұсталды

391 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жамбыл облысы ІІД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері есірткі таратып жүрген екі жергілікті тұрғынды ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz Ішкі істер министрлігінің өкіліне сілтеме жасап.

Жамбыл облысында есірткі таратушылар ұсталды

«Тінту кезінде күдіктілерден таратуға дайындалған 15 пакет синтетикалық есірткі (мефедрон) тәркіленді. Олардың әлеуметтік желідегі хат-хабарларын зерделеу барысында күдіктілер есірткіні жасырын орындарға қойғаны анықталды»,  деді Шұғыла Тұрлыбек Ішкі істер министрлігінде өткен брифингте. 

«Клиенттермен» хат алмасуда көрсетілген орындарда полиция қызметкерлері Тараз қаласы мен оның маңайында жасырылған есірткіні алты сағаттың ішінде тауып, жойды. 

«Нәтижесінде мефедрон жасырылған 29 орын анықталды. Барлығы 44 доза тәркіленді. Ұсталғандар кінәларын мойындап, Тараз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды», деді ІІМ өкілі.

Соңғы жаңалықтар

Жарыс күнделігі

Спорт • Кеше

Акция аясындағы ауқымды жұмыс

«Таза Қазақстан» • Кеше

Онлайн сайлау жүйесі

Ғалам ғажаптары • Кеше

Қан алатын робот

Ғалам ғажаптары • Кеше

Апаттан аман қалған балалар

Ғалам ғажаптары • Кеше

«Сарығыз» тазы көрмеге барады

Мәдениет • 01 Тамыз, 2025

Даңғыл көпір

Мереке • 01 Тамыз, 2025

Абай тойы басталды

Абай • 01 Тамыз, 2025