Аймақтар • 31 Шілде, 2022

Ақсуатта халықаралық спорт және өнер фестивалі өтіп жатыр

460 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Абай облысы Ақсуат ауданында Ырғызбай Досқанаұлы атындағы халықаралық өнер және спорт фестивалі өтуде, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақсуатта халықаралық спорт және өнер фестивалі өтіп жатыр

Абай облысы Ақсуат ауданында жыл сайынғы дәстүрге айналған «Тұғыры биік Тарбағатай» атты халықаралық өнер және спорт фестивалі өтіп жатыр.

Шараның ашылу салтанатына облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев қатысты.

«Дана халқымызда «Туған жерге туыңды тік» деген ұлағатты сөз бар. Атадан балаға мирас болған, төл өнердің дамуына ат салысқан азаматтар мен ұйымдастырушыларға өзімнің және барша жерлестерімнің атынан зор алғыс білдіремін. Барша спортшылар мен өнерпаздарға сәттілік, көрермен қауымға - ұмытылмас мерекелік көңіл-күй тілеймін», деді ол.

Фестиваль Ақсуат ауылында медресенің ашылу салтанатымен басталды. Жас балалар арасында «Құран жаттау» жарысы өтті.

Сондай-ақ Қабанбай батырдың 330 жылдығына арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция болды. Қазіргі уақытта орталық стадионда қазақ күресінен Ырғызбай Досқанаұлы атындағы әлемдік гран-при бәсекесі өтуде. Халықаралық шараға 19 мемлекеттен 40-қа жуық балуан қатысуда.

Соңғы жаңалықтар

Петропавлда базардағы сауда орны өртенді

Төтенше жағдай • 08 Қараша, 2025

Қайта жанданған «Qazaq Camel»

Өндіріс • 08 Қараша, 2025

Теңге бағамының қаржы нарығына әсері

Экономика • 08 Қараша, 2025

Елге сенімі жоғары

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Сазды мектебінің үздік ұстазы

Ұстаз • 08 Қараша, 2025

Мұратану мұраты

Ғылым • 08 Қараша, 2025

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • 08 Қараша, 2025

Карбон полигонының мүмкіндігі зор

Шаруашылық • 08 Қараша, 2025

Еңбеккерлердің мерейін тасытты

Аймақтар • 08 Қараша, 2025

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • 08 Қараша, 2025

Ізденген ілгері басады

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025

Сац театры: сахнадағы 80 жыл

Театр • 08 Қараша, 2025

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025