Оқиға • 28 Шілде, 2022

Риддерде жоғалған ер адамның денесі орманнан табылды

100 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында жоғалып кеткен ер адамның денесі орманнан табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Риддерде жоғалған ер адамның денесі орманнан табылды

Полиция департаментінің мәліметінше, 23 шілдеде орманға саңырауқұлақ теруге барған зейнеткер хабар-ошарсыз кеткен. Келесі күні полицияға оның танысы хабарласқан. Жедел іздестіруге еріктілер мен қала тұрғындары көмектесті.

«Жоғалған адамның денесі төрт күннен кейін табылды. Қазір өлімнің себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама жүргізіліп жатыр», деді ведомство өкілдері.