Қоғам • 23 Шілде, 2022

Алматыдағы Жұмабаев көшесінде көлік қозғалысы шектеледі

138 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласындағы Жұмабаев көшесінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды Egemen.kz қалалық мобилділік басқармасына сілтеме жасап.

Алматыдағы Жұмабаев көшесінде көлік қозғалысы шектеледі

«Жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 23-26 шілде аралығында түнгі уақытта сағат 22:00 мен 08:00 аралығында Жұмабаев көшесінің Солтүстік айналма көшесінен Сейфуллин даңғылына дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі. Аталған жұмыстар орташа жол жөндеу жұмыстары аясында жоспарланған», делінген хабарламада.