Аймақтар • 22 Шілде, 2022

Көкшетауда жасөспірімнен мефедронға ұқсас есірткі тәркіленді

259 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс өнеркәсіп аймағының аумағында жедел уәкілдер синтетика сатумен айналысатын 20 жастағы қала тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Көкшетауда жасөспірімнен мефедронға ұқсас есірткі тәркіленді

Ұстау кезіндегі жеке тінту барысында 20 жастағы жігіттен консистенциясы ақ түсті ұнтақ тәрізді, мефедронға ұқсас 15 полиэтилен түйіншек табылды.

Тиісті сараптама тағайындалды. Аталған факті бойынша полицейлер ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі (Есірткі заттарымен заңсыз айналысу) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Сондай-ақ тергеу кезінде жас жігітке тиесілі ұялы телефон тәркіленді. Айыпталушы елордалық жоғары оқу орындарының бірінің студенті және жазғы демалыста екендігі белгілі болды.