Оқиға • 20 Шілде, 2022

Жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырап, фельдшер қайтыс болды

137 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Арқалық-Торғай» автожолында Жангелдин аудандық ауруханасының жедел жәрдем көлігі мен «Шевроле Нив» жеңіл автокөлігі соқтығысты. Алған жарақатынан фельдшер көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырап, фельдшер қайтыс болды

Жол апаты кеше кешке 22.30 шамасында «Арқалық-Торғай» автожолында болған.

«Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-1-бабы 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қазіргі уақытта сараптама тағайындалған», деп атап өтті Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі.

Белгілі болғандай, «Шевроле Нива» жүргізушісі дала жолымен жүріп келе жатып, маневрдің қауіпсіз екеніне көз жеткізбестен, екінші жолдан басты жолға шығып кеткен. Салдарынан Жангелдин орталық аудандық ауруханасының санитарлық арнайы автокөлігі – «УАЗ»-бен соқтығысқан.

«Жол апаты салдарынан «УАЗ» автокөлігінде болған фельдшер көз жұмды. Әйел алған жарақаттарынан ауруханада қайтыс болды. Санитарлық арнайы көліктің жүргізушісі көптеген жарақат алған», деп толықтырды ведомстводан.

Сондай-ақ жүргізілген сараптама барысында «Шерволе Нива» көлігінің 32 жастағы жүргізушісі мас күйде болғаны анықталды.