Аймақтар • 19 Шілде, 2022

Талдықорғанда ер адам ірі көлемде есірткімен ұсталды

274 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Талдықорған қаласының маңында Алматы облысы полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ШҚО полиция қызметкерлерімен бірлесе отырып ауыр есірткінің ірі партиясын тасымалдаған ер адамды ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Талдықорғанда ер адам ірі көлемде есірткімен ұсталды

17 шілде күні Алматы-Өскемен тас жолында полиция қызметкерлері Ескелді ауданының 24 жастағы тұрғыны басқарған Daewoo Lacetti көлігін тоқтатты. Тәртіп сақшылары көлікті тексеру барысында синтетикалық есірткіге жататын төрт полиэтилен пакетке салынған 2 кг мефедронды тапты.

«Қазіргі таңда көліктің 24 жастағы жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлігі (Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) бойынша қылмыстық іс қозғалды» деді Алматы облысы ПД ЕҚҚІҚБ бастығы, полиция полковнигі Қазбек Мухамедов.