Аймақтар • 28 Маусым, 2022

Өскеменде балалардың үстіне аялдама құлады

183 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өскемен қаласында қатты желден екі баланың үстіне аялдама павильоны құлап кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өскеменде балалардың үстіне аялдама құлады

Қалалық Тұрғын үй-коммуналық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметінше, 27 маусымда қатты желдің салдарынан шаһар бойынша коммуникация сымдары үзіліп, ағаштар құлаған.

Гагарин бульвары және Өтепов көшелеріндегі аялдама құлап, 10 және 12 жастағы екі қыз зардап шекті. Олар қалалық ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер қажетті медициналық көмек көрсетуде.

«Қалада «Таза Өскемен» кәсіпорнының мамандары жұмыс істеп жатыр. 10 бригада арнайы техникалармен жолдарды, көшелерді тазартты. Гагарин бульвары аялдамасының павильоны «ҚазӘлем» атты мердігер компанияның кепілдігінде. Өтепов аялдамасына «Таза Өскемен» мекемесі қызмет көрсетеді. Осы екі жағдай бойынша жауапты ұйымдардың кінәсі бар-жоқтығын анықтау үшін ішкі аудит жүргізіледі», делінген хабарламада.