Қоғам • 27 Маусым, 2022

Қазақконцерт пен ТҮРКСОЙ Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қояды

311 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

28 маусым күні сағат 11:30-да әлемге танылған «ТҮРКСОЙ» ұйымының Бас хатшысы Сұлтан Раев пен «Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» ұйымының директоры Ақтоты Райымқұлова ресми кездесу өткізіп, Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоймақ, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақконцерт пен ТҮРКСОЙ Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қояды

Алдағы уақытта меморандум аясында мәдени-рухани бағыттағы жобалар қолға алынып, отандық өнердің үздік үлгілерін кеңінен насихаттау мүмкіндігі арта түседі.

Мәдениет саласындағы осы айтулы іс-шараға ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «ТҮРКСОЙ» халықаралық ұйымындағы өкілі Бақытжан Омаров  қатысады.

Түркі халықтары мәдениетінің өркендеуіне зор үлес қосып жүрген ТҮРКСОЙ мен еліміздің ірі концерттік ұйымына айналған Қазақконцерт  түркі тектес елдердің өзара ұлттық-мәдени байланыстарын нығайту жолында жаңа бастамаларды ұсынады.

Кездесу барысында Қазақконцерттің әртістері мен шығармашылық ұжымдары арнайы концерттік бағдарламамен қуантады.