Аймақтар • 23 Маусым, 2022

Павлодар облысында жол салу кезіндегі заң бұзушылықтар анықталды

331 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодар облысында тексеру барысында асфальтті төсеу кезіндегі заң бұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Павлодар облысында жол салу кезіндегі заң бұзушылықтар анықталды

Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы облыстық филиалының мәлімдеуінше, Павлодар ауданындағы Шақат ауылында ішкі жолдарға орташа жөндеу жұмыстары жүргізіллген. Мердігер бұрын асфальт болмаған М.Мәметова, Механизатор, Бейбітшілік, Әбдіков көшелеріне асфальт төсеген.

Жұмыс сапасын бақылауды орталық филиалының қызметкерлері жүзеге асырды.

«Сарапшылар жол жабындысының сапасын тексеру үшін 14 сынама алды. Зертханалық сараптама нәтижелері бойынша 6 сынама асфальт қалыңдығы, тығыздық коэффициенті және суға қаныққандығы бойынша стандарттарға сәйкес келмейді. Өрескел ереже бұзушылыққа жол берілген және міндетті түрде түзетуді талап етеді», деп түсіндірді сапа орталығының инженері Марат Валиев.

Мердігерге анықталған ақауларды жойып, бір шақырымға жуық жолды қайта асфальттау тапсырылды.

Айта кетсек, «Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасы аясында Шақат ауылының көшелеріне асфальт төсеуге 100 миллион теңгеге жуық қаражат бөлінген. Қазіргі уақытта жұмыс 80 пайызға орындалды. Тағы 4 көшеде жөндеу жұмыстары аяқталуы тиіс.