Қоғам • 22 Маусым, 2022

Жаңадан құрылған облыстардың көлік нөмірлері бекітілді

643 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, жаңадан құрылған үш облыстағы автокөліктердің аймақтық нөмірлері жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жаңадан құрылған облыстардың көлік нөмірлері бекітілді

Ведомство нақтылағандай, көлік нөмірлеріндегі өңірлік кодтар қазақ тілінің әліпби тәртібімен беріледі.

«Осыған байланысты жаңадан пайда болған үш облысқа автокөліктердің өңірлік кодтарын келесі тәртіппен бекіту ұсынылады: Абай облысы - 18, Жетісу облысы - 19, Ұлытау облысы - 20», деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.

Айта кетсек, жаңа аймақтарда көліктің нөмір кодтарын енгізу барысында көлік құралдарындағы бұрынғы мемлекеттік нөмірлерді ауыстыру талап етілмейді.

Соңғы жаңалықтар

ЮНЕСКО марапаттаған Мансұров

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алғашқы PhD

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Мұқтаждың мұңын кім тыңдар?

Қоғам • Бүгін, 07:58

Электр стансасы салынады

Аймақтар • Бүгін, 07:48

Нобельді 2 рет алған ғалым

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:43

Ұлылар дәм татқан табақ

Жәдігер • Бүгін, 07:37