Елорда • 20 Маусым, 2022

Елорданың Есіл ауданында құрғақ шөп өртеніп жатыр

391 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласының Есіл ауданына қарасты Қорғалжын тас жолы бойындағы өрт сөндіріліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елорданың Есіл ауданында құрғақ шөп өртеніп жатыр

Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаменті мәлім еткендей, аталған ауданда өрт шыққаны туралы хабарлама 101 пультіне сағат 15:03-те түскен.

«Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер құрғақ шөп пен қамыстың жанып жатқанын анықтады. Өрт шарпыған аудан алдын ала болжамға сәйкес бір гектарды құрайды. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Қазіргі уақытта өртті сөндіруге жеке құрамның 25 маманы, 6 өрт сөндіру машинасы және жергілікті атқарушы органның 4 су шашатын техикасы мен бір тракторы жұмылдырылған. Өрт сағат 17:31-де жартылай сөндірілді. Оттың Нұр-Сұлтан қаласының жасыл белдеуіне, құрылыс нысандарына таралу қаупі жоқ», делінген хабарламада.

Р

Соңғы жаңалықтар

ЮНЕСКО марапаттаған Мансұров

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алғашқы PhD

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Мұқтаждың мұңын кім тыңдар?

Қоғам • Бүгін, 07:58

Электр стансасы салынады

Аймақтар • Бүгін, 07:48

Нобельді 2 рет алған ғалым

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:43

Ұлылар дәм татқан табақ

Жәдігер • Бүгін, 07:37