Қоғам • 20 Маусым, 2022

Қаңтар оқиғасына қатысты 553 қылмыстық іс тергеліп жатыр

155 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ішкі істер министрлігі өз құзыреті шеңберінде Қаңтар оқиғалары бойынша қылмыстық істерді тергеуді жалғастырып жатыр. Бұл туралы Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қаңтар оқиғасына қатысты 553 қылмыстық іс тергеліп жатыр

Бүгінгі таңда ішкі істер органдары тергеушілерінің өндірісінде 56 күдіктіге қатысты 553 қылмыстық іс бар.

«Жеке басын, сипаттайтын деректерді және жасалған қылмысқа қатыстылығын ескере отырып, ішкі істер органдары бойынша 255 күдікті қамаудан босатылды, оларға қатысты қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес бұлтартпау шаралары таңдалды. Одан басқа соттың үкімі бойынша 332 сотталушы қамаутан босатылды», деп атап өтті Санжар Әділов.

Ол бүгінгі таңда өндірістегі қылмыстық істер бойынша 14 адамның қамауда отырғанын айтты. Оның ішінде Алматы қаласы бойынша – 8, Алматы облысы – 3 және Жамбыл облысы бойынша 3 адам ауыр қылмыстарды жасады деген күдікке ілінген.

«Ішкі істер органдарының тергеушілері 565 айыпталушыға қатысты 344 қылмыстық істі айыптау актісін сотқа жолдады. Ондай істердің негізгі бөлігін бөтеннің мүлкін ұрлау жөніндегі істер құрайды – 257, қаруды заңсыз сақтау – 37, қаруды ұрлау – 18, айдап кету – 5 және т.б. құрап отыр», деді С.Әділов.

Оның айтуынша, соттар 382 адамды соттады, оның ішінде 46 адам бас бостандығынан айыруға сотталды, осы адамдар бұрын сотталған және кінәсін мойындамаған, келтірілген залалды өтемеген.