Әлем • 14 Маусым, 2022

Иранда зауыттағы жарылыстан 112 адам зардап шекті

258 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Иранның Фарс провинциясындағы Фирузабад қаласында орналасқан натрий карбонаты зауытында жарылыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz Tesnim ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Иранда зауыттағы жарылыстан 112 адам зардап шекті

Иранның Tesnim ақпарат агенттігінің мәліметінше, жарылыс зауыттағы цистерналардың бірінен натрий карбонатының ағып кетуінен пайда болған.

Фарс облысының мемлекеттік шұғыл медициналық орталығының директоры Мұхаммед Джавад Мурадиян жарылыс салдарынан болған өрттен 112 адамның зардап шеккенін растады.

Қаза тапқандар туралы дерек жоқ. Осы оқиғадан кейін Джем-Фирузабад жолы жабылған.