Аймақтар • 10 Маусым, 2022

СҚО-да жол-көлік оқиғасы салдарынан автокөлік өртеніп кетті

363 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданында жол-көлік оқиғасы салдарынан  ішінде жүргізуші мен төрт жолаушысы бар автокөлік өртеніп кетті, деп жазады Egemen.kz.

СҚО-да жол-көлік оқиғасы салдарынан автокөлік өртеніп кетті

Жараланған жандар ауруханаға жеткізілді. 22 жастағы жүргізуші алдында келе жатқан көлікті басып озбақ болғанда көлік тізгініне ие бола алмай жолдан шығып кетіп, аударылып қалады. Соның салдарынан автокөлік өртеніп, толығымен жанып кетті. Сондай-ақ мамыр айының соңғы күндерінде Аққайың ауданында Нұр-Сұлтан қаласының 28 жастағы тұрғыны да бұрылыста тізгінге ие бола алмай, аударылып қалды. Ол алған жарақаттардан оқиға орнында көз жұмды. 8 маусым күні Қызылжар ауданында «Челябі-Новосібір» автожолында «Toyota Corolla» және «ВАЗ 2114» автокөліктері соқтығысты.

Осындай оқиғалардың жиілеуіне байланысты полицейлер жол үстінде сақ болуға, алыс жолға шығарда қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарауға, жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтауға шақырады. «Жол жүрісі қағидаларын елемеу осындай жағдайларға алып келуі мүмкін. Әр маневрді ерекше сақтықпен жасау қажет», дейді ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы, полиция полковнигі Айдын Байматов.

Жалпы, Солтүстік Қазақстан жолдарында бес айда жылдамдық режімін сақтамау салдарынан 7 жол-көлік оқиғасы орын алып, 1 адам қаза тауып, 8 адам жарақаттар алды. 15 жол-көлік оқиғасында жүргізушілер маневрдің қауіпсіз екеніне көз жеткізбеу салддарынан 5 адам көз жұмып, 26 адам жарақаттанды.