![Өскеменде жоғалған жасөспірімнің өлі денесі табылды](/media/2022/06/10/crop-196_128_1229x1638_16416edb-cd8b-4225-bc7f-ce601bd3f420.jpeg)
ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 3 маусым күні жасөспірімнің жоғалғаны туралы полицияға хабар түсті. Белгілі болғандай, ол үйден белгісіз бағытта шығып кетіп, сол күйі оралмаған.
«Жедел-іздестіру жұмысына еріктілер де атсалысты. Соның нәтижесінде 17 жастағы жігіттің денесі Үлбі өзенінен табылған», деп хабарлады ведомство өкілдері.
Бірқатар медициналық сараптама тағайындалды. Жасөспірім өліміне не себеп болғаны анықталып жатыр.