Экономика • 08 Маусым, 2022

Toyota-ның әлемдік сатылымы 11,1%-ға төмендеді

200 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сәуірде Toyota Motor көліктерінің әлемдік сатылымы бір жылмен салыстырғанда 11,1 пайызға төмендеп, 763 708-ге жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Toyota-ның әлемдік сатылымы 11,1%-ға төмендеді

Жапониядағы сатылымдар 16,8 пайызға азайған. Елде дәл осы маркадағы 103 143 көлік, ал өзге мемлекеттерде 660 565 көлік сатылған. Шетелдегі сатылымдар 10,2 пайызға аз. 

Қазір Toyota-ның көлік өндірісі ел ішінде 9 пайызға және Жапониядан тыс жерлерде 9,1 пайызға төмендеді.

«COVID-19 індетіне және қосалқы бөлшектерді жеткізуге қатысты жағдайлар түсініксіз болғандықтан, біз осы факторлардың әсерін барынша азайту үшін бар күшімізді салып жатырмыз», делінген жапондық компанияның мәлімдемесінде.

Соңғы жаңалықтар

Қаһарманның қастерлі жолы

Өшпес даңқ • Кеше