Президент • 06 Маусым, 2022

Мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту үшін жүйелі жұмыс жалғасады

429 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл жайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 5 маусым күні өткен референдумның қорытындысы бойынша Қазақстан халқына жасаған үндеуінде айтты, деп хабарлады Egemen.kz.

Мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту үшін жүйелі жұмыс жалғасады

«Мемлекеттік аппаратты жаңғыртып, бюрократиядан барынша арылту үшін жүйелі жұмыс жалғасады. Біз қоғамның барлық өкілдерінің талап-тілектеріне жауап беретін озық мемлекет құруымыз керек. Басқару жүйесінің тиімділігі жұмыстың барысымен емес, түпкі нәтижемен өлшенетін болады.

Мемлекеттік аппарат бизнеспен, үкіметтік емес ұйымдармен және азаматтармен тығыз жұмыс істеуге баса назар аударуға тиіс. Сол арқылы ел мүддесіне сай тиімді шешімдер қабылданып, халыққа көрсетілетін қызмет сапасы жақсара түседі», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.