Білім • 06 Маусым, 2022

Қазақстан мектептерінде психологиялық қызмет құрылады

800 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Білім және ғылым министрлігі орта білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидаларын ұсынып, құжат жобасын әзірледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан мектептерінде психологиялық қызмет құрылады

Құжат оқушылардың психологиялық әл-ауқатын сақтауға және нығайтуға, білім беру процесіне қатысушылар арасында қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыруға, жеке мүмкіндіктер мен ерекше қажеттіліктерді ескере отырып, білім алушыларды әлеуметтік, психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді қамтамасыз етуге бағытталған.

Психологиялық қызметтің келесі міндеттері белгіленген:

  • Жеке тәсілді қамтамасыз ету, білім алушылардың тұлғалық дамуына және психологиялық орнықтылығына жәрдемдесу, олардың психикалық және дене дамуы мен оқуының қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз ету, психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік проблемаларды шешуге көмек көрсету;
  • Даму мен оқыту проблемаларының туындауының алдын алу үшін балалардың даму мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін кешенді диагностикалау, білім беру процесінің барлық қатысушыларын сүйемелдеу;
  • Ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды психологиялық-педагогикалық қолдаудың жеке-дамыту бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру, білім беру бағдарламаларын олардың ерекше білім беру қажеттіліктерін анықтау және бағалау негізінде білім алушылардың мүмкіндіктері мен қабілеттеріне бейімдеу;
  • Білім беру процесіне қатысушыларды сүйемелдеу бойынша педагогтер мен мамандардың пәнаралық, командалық тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз ету, жеке мүмкіндіктер мен ерекше қажеттіліктерді ескере отырып, білім алушыларды тәрбиелеу, оқыту және дамыту, әлеуметтендіру үшін қажетті жағдайлар жасау;
  • Білім беру процесінің барлық қатысушылары арасындағы қарым-қатынастарды реттеу, қарым-қатынастарды, ынтымақтастықты және өзара көмекті қолдау;
  • Барлығына сапалы білім беруді қамтамасыз ету үшін қажеттіліктердің әртүрлілігін ескере отырып, білім алушының педагогтері мен отбасына консультациялық-әдістемелік көмек;
  • Білім беру процесіне қатысушылардың психологиялық-педагогикалық құзыреттілігін арттыру.

Психологиялық қызметтің құрамына білім беру ұйымы басшысының (директорының) орынбасарлары, педагог-психолог, әлеуметтік педагог, сынып жетекшісі, арнайы педагогтер, педагог-ассистенттер, пән педагогтері, медицина қызметкері кіреді.

Психологиялық қызметтің құрамы білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен бекітіледі.

Жалпы психологиялық қызмет өз қызметін диагностикалық, консультациялық, ақпараттық-түсіндіру, дамыту және ұйымдастыру-әдістемелік бағыттарда жүзеге асырады.

Құжат 17 маусымға дейін жария талқылау үшін Ашық НҚА сайтында орналастырылған.

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше