Президент • 05 Маусым, 2022

Президент пен Парламент арасында теңгерім болуы керек - Тоқаев

3902 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы референдумда дауыс бергеннен кейін, журналистердің Президент өкілеттігіне қатысты сұрағына жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент пен Парламент арасында теңгерім болуы керек - Тоқаев

Бұл ретте Конституциялық өзгерістерге сәйкес Президенттің өкілеттігі азайып, Парламентке берілгені айтылды.

«Бұл қадам мемлекеттің тағдыры шешілетін сәтте шұғыл шешім қабылдауға кедергі келтірмей ме?», деп сұрады тілші.

«Президент Мемлекет басшысы ретінде әрбір тәсілді қолдануға құқылы. Сондықтан ешқандай текетірес жоқ. Ең алдымен, Парламент пен Президенттің арасындағы теңгерім болуы керек. Осы орайда мұны демократияның бір көрінісі деп ойлаймын. Атап айтқанда, Президентке қатысты ешқандай тосқауыл болмайды», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы ел қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты шұғыл әрекеттер жасауға барлық мүмкіндіктер бар екенін айтты.

Сондай-ақ Президент елімізде қаңтар оқиғасы секілді жағдайлар енді қайталанбайтынын қадап айтты.