Экономика • 03 Маусым, 2022

Қазақстан ОПЕК+ келісімі бойынша мұнай өндіру көлемін ұлғайтады

357 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ОПЕК+ елдерінің ағымдағы өндіру деңгейін шілдеде тәулігіне 0,648 млн баррельге ұлғайтуды жалғастыру қажет. Бұл туралы бүгін ОПЕК+ келісіміне қатысушы елдердің бейнеконференция форматында өткен отырысында айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан ОПЕК+ келісімі бойынша мұнай өндіру көлемін ұлғайтады

Отырыс барысында сәуір айында елдердің келісім бойынша міндеттемелерін орындауы талқыланды. Оған Қазақстан атынан энергетика вице-министрі Әсет Мағауов қатысты.

«Отырыс қорытындысы бойынша ОПЕК+ елдерінің ағымдағы өндіру деңгейін шілде айында тәулігіне 0,648 млн баррельге ұлғайтуды жалғастыру және артық өндіру өтемақысы кезеңін 2022 жылғы желтоқсанға дейін ұзарту туралы шешім қабылданды», делінген министрлік мәлімдемесінде.