Әлем • 02 Маусым, 2022

Бразилияда су тасқынынан 106 адам қаза тапты

350 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бразилияның солтүстік-шығысындағы су тасқыны мен көшкін 106 адамның өмірін қиды, деп хабарлайды Egemen.kz CBS News арнасына сілтеме жасап.

Бразилияда су тасқынынан 106 адам қаза тапты

Құтқару топтары су тасқынынан кейін көміліп қалған ондаған адамның денесін тапты. Әсіресе, Жардим Монтеверде аймағы мен Ресифи қаласының маңындағы елді мекендер қатты қираған.

Пернамбуку штатының 24 әкімшілік аймағында төтенше жағдай жарияланды. Онда 6 мыңнан астам адам үйлерін тастап, эвакуациялануға мәжбүр болды. Ел президенті Жаир Болсонару шығын көлемін бағалау үшін апат болған аймақты тікұшақпен айналып өтті.

Бразилияда бір аптадан бері толассыз нөсер жаңбыр жауып, кедей халық тұратын аймақтар, әсіресе тау баурайындағы фавелаларға қатты зиян келтірді.

 

Соңғы жаңалықтар

Қайта түлеген спорттық инфрақұрылым

Университет • Бүгін, 08:12

ЖИ-аватар

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Білім нысандарын аралады

Аймақтар • Бүгін, 08:03

Робот-полиция

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Жедел жәрдем автопаркі жаңарды

Аймақтар • Бүгін, 07:55

Бұйырмаған қазы

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 07:50

Сирек аңдармен толықты

Алматы • Бүгін, 07:45

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 07:35

Аян

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:30