![Павлодар облысында 7 адамның өліміне қатысты тергеу басталды](/media/2022/05/30/2022_04_27_092b528ac6b78d911ff4a551ee221c48_xl.jpg)
Өлімге әкелген белгісіз сұйықтық қалдықтарына сараптама тағайындалды.
«Полиция анықтағандай, 26 мамырда Ертіс ауылының тұрғындары белгісіз сұйықтықты тұтынып, салдарынан жеті адам көз жұмған. Сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Сұйықтықтың шыққан жері белгісіз, Ертіс ауданының тұрғынынан алынған ыдыста сақталғаны анықталды», деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінде.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 306-бабы 3-бөлігі (Абайсызда адам өліміне әкеп соққан, қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, қызметтерді орындау, қызметтер көрсету) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Еске сала кетейік, Павлодар облысында белгісіз заттан 7 адам уланып қалды. Алдымен 5 адам қайтыс болды. Кейін ауруханаға жеткізілген тағы 2 науқас көз жұмды. Олардың барлығы Ертіс ауданы тұрғынының үйінде бір ыдыста сақталған (шығу тегі белгісіз) сұйықтықты ішкені анықталды.