![Елордада велосипедшілер шеруі өтеді](/media/2022/05/27/f1bca7bc55ae2df4511e6f71106242b6_1280x720.jpg)
Шараға тілек білдірген барлық азамат қатыса алады. Қатысушыларға екі түрлі дистанция ұсынылады:
- кіші қашықтық – 3 км. Шеру Үркер (Ильинка) елді мекенінің «Жасыл белдеу» саябағында басталып, осы жерде мәреге жетеді;
- үлкен қашықтық – 20 км. Шеру айналма жолдағы велотрассадан (Қосшы қаласына қарай жол бойында) басталып, Үркер (Ильинка) елді мекенінің «Жасыл белдеу» саябағында аяқталады.
Қатысуға ниет білдірушілерді тіркеу 28 мамыр күні сағат 09:00-ден 09:30-ға дейін жалғасады.
Басталу уақыты – сағат 10:00. Әкімдік мәліметіне сәйкес, велошеру спорттық жарыс саналмайды. Басты мақсат - салауатты өмір салтын насихаттау және азаматтарды дене шынықтырумен, яғни велоспортпен белсенді шұғылдануға тарту.